Бүгін Шымкент қаласында орналасқан барлық мешіттерде еліміздің Ақтөбе, Батыс Қазақстан облысы, Қостанай, Шығыс Қазақстан облысы, Қарағанды, Ақмола, Сүлтүстік Қазақстан облысы, Ұлытау облысы, Абай облыстарында су тасқыны орын алған өңір халқына бүкіл ел болып, тарауих намазында дұға етілді.
Игі шараларға шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы бастаған имамдер мен мешіт жамағаты қатысты.
Аталмыш дұға ету шарасы қаладағы барлық мешіттерде айрықша өтті. Сондай-ақ «ҚИЫНДЫҚТА ЕЛ БІРГЕ» акциясы аясында, су тасқынына байланысты өкілдіктерде қаражат жиналып, азық-түлік, дәрі-дәрмек, киім-кешек, зардап шеккен халықтың сұраныса қажетті құрал жабдықтар т.б қабылдануда.
Ел аман жұрт тыныш болғай.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38