Қасиетті Рамазан айында Шымкент қаласында орналасқан №4 Қарттар үйінде кездесу өтті. Жиын барысында Шымент қаласы, Қаратау аудандық «Байғұт баба» мешітінің найб имамы Анарғали Пірәліұлы арнайы қатысып, «Қарттарымыз қазынамыз» «Жастарға өнеге» тақырыптарында сөз қозғап әрі алдымызда келіп жатқан қасиетті Айт мейрамымен құттықтады.
Қарияларымыз ел амандығы үшін бата жасап, Қазақстан Діни Басқармасының ел үшін жасап жатқан қызметтеріне алғыстарын жеткізді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі