ҚМДБ-ның Шымкент қаласының Бас имамы Бақдаулет кажы Нұрматұлының тапсырмасымен Әл-Фараби аудандық «Ордабасы» мешітінің «Зекет қайрымдылық» қоры өкілінің ұйымдастыруымен және аудандағы имамдарының атсалысуымен қарттар үйіндегі 170 кісіге ауызашар берілді.
Шараға орталық мешітінің бірінші найб имамы Ақтамберді Мусабек қажы мен «Ордабасы» мешітінің наиб имамы Ержігіт Мамытұлы және «Зекет қайрымдылық» қорының өкілі Әзімбаев Айбек қажы мен қордың аудандардағы жауапты имамдарды қатысты.
Шара барысында, Мұсабек қажы қаланың Бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының сәлемін жеткізіп, Рамазан айының рухани сауапты ай екендігі жайлы насихат айтып, қарияларымыздың батасын алып тарқасты.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі