Шымкент қаласы Тұран ауданы Айқап мешітінің әйел-қыздар бөлімінде «Рамазан денсаулық кепілі» атты семинар өтті. Семинарды Шымкент қаласының AsiMed клиникасының
20 жылдық тәжірибесі бар нутрициолог-гастроэнтролог маманы Айнұр Қуандыққызы жүргізді.
Дәрігер Айнұр Қуандыққызы оразаға дейін ағзаны оразаға дайындауды, Рамазанда дұрыс тамақтануды, ұйқыны, қозғалысты және құлшылықты ретке келтіруді, және де Рамазаннан кейінгі ағзаның қайта қалпына келу процесі жайлы баяндады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі