Шымкент қаласы Тұран ауданы Айқап мешітінің әйел-қыздар бөлімінің шәкірттері арасынан қыздан тұратаын «Салихалы арулар» атымен жастар тобы құрылды. Міне бұл топ екінші кездесуін адал дәмханалардың бірінде ауызашарда өткізді. Қыздарымыз мына жаһандану заманында адасып кетпеу, жаһанданудың соңында құрдымүа кетпеу, діни және ұлттық санадан ажырамау мақсатымен осы топқп қосылып айда бір рухани-тәрбиелік бас қосулар өткізуде. бұл бас қосу Айқап мешітінің ұстаздарының ұйымдастыруымен және «Әйел-қыздар» секторы Досжанова Балжан Асылханқызының басшылығымен өтуде.
Бүгінгі кездесуде ұстаз Балжан Асылханқызы қыздарымызға мұсылманның әр дайым саналы түрде, ғапылдықтан аулақ бой түзеп өмір сүруі және де өзін өзі тануы жайлы уағыз-насихатын айтты. Мешіт ұстаздарының үйымдастыруымен сұрақ-жауап ойындары жүргізілді. Келген қонақтарға арнайы тапсырыспен жасалған сыйлықтар тарту етілді.
Алланың қалауымен «Қыз тәрбиесі, ел тәрбиесі» деген ниетпен бұл кездесулер жалғасын табады деген үміттеміз.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі