Бүгін Шымкент қаласында орналасқан «Ықылас» қарилар дайындау орталығының қыздар бөлімінде «Халал – шариғат талабы» атты семинары өтті. Семинарға Шымкент қалалық «Халал Даму» ЖШС бөлімінің технолог-маманы Аружан Аралбай қатысып, дәріс оқыды. Жалпы, семинарға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берілді. Семинарға жалпы саны 120 шәкірт қатысты. Бұл бағыттағы дәрістер алдағы уақытта жоспарлы түрде өткізілетін болып шешілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі