Бүгін ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігі қасиетті Рамазан айының құрметіне «Рамазан дастарханы» атты қайырымдылық ауызашар дастарханы ұйымдастырылды.
Игі шара Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, ҚМДБ Республикалық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Бекайдар қажы Әміре, найб имамдар Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Халал Даму» ЖШС жауапты маманы Қазыбек Сарыбаев, іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы және «Әйел-қыздар» секторының мүшелері т.б. азаматтар қатысты.
Берекелі дастархан аясында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеттері, иман, ислам, ихсан туралы уағыз айтылды. Сондай-ақ, талапқа сәйкес ауызашар дастарханы мен «рамазан қоржыны» атты қайырымдылық шаралар барысында халал өнімдерге мән беру қажет екендіні жан-жақты насихатталды.
Айта кетсек, шаһардағы 56 мешітте өткен ауызашар рәсіміне 12000 жанға ауызашар дастарханы жайылды.
Қаржылай қолдау білдірген жандарға Алла Тағала разы болсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі