Шымкент қаласы Тұран ауданы Қождан ата мешітінде «Рамазан- Құран түскен ай» атты қыз-келіншектерге арналған рухани жиын өтті. Рухани кеште Рамазан айының артықшылығы жайлы уағыз-насихаттар айтылып, шәкірттер тарапынан тағылымды көріністер қойылды.
Қождан ата мешітінде соңғы 2 айы бойы Құран әліппесін оқып, тәмәмдаған шәкірттерге қасиетті Құран Кәрім кітабы және «Құраным жүрегімде» картинкасы сыйланды
Шара соңында Құран хатым дұғасы оқылып, берекелі дастархан жайылды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі