Мұсылман жамағаты асыға күткен мың айдан қайырлы қасиетті қадір түніне. Арыс қаласының тұрғындары орталық мешітке ағылды. Адамның көптігінен мешітке сыймағандары сыртта отырып, сексен үш жылдан да сауапты күнді бос өткізіп алмауға тырысты.Орталық «Ысқақ» мешітінде 200 ден астам адамға ауызашар беріліп, тарауих намазынан кейін бас имамы Абдулкарим Абдулкамалұлы халықты айтулы Қадыр түнімен құттықтап, ел амандығы үшін дұға жасады. Мешіт имамдарыы кезекпен уағыз айтты. Жамағатқа сұрақ-жауаб ретінде әр түрлі діни сұрақтар ұйымдастырылды. Жауап берген азаматтарға орталық мешіт тарапынан сыйлықтар жасалды. Сонымен қатар қалада орналасқан 9 мешітке қадір түніне жиналған жамағатқа 200 блок сусындар тегін таратылып, Бас имам Абдулкарим Абдулкамалұлы қаладағы орналасқан мешіттерге арнайы барып, Қадір түніне жиналған көпшілікке әр түрлі тақырыптар бойынша уағыз айтты. Орталық «Ысқақ» мешітінде ауыз бекіткен 900-ден астам жұртшылыққа сәресі асы таратылды. Таң қылаң бере жамағатпен бамдат намазы оқылып, көпшілікпен дұға жасалды.
Арыс қаласы орталық «Ысқақ» мешіт баспасөз қызметі