Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлының Қасиетті Рамазан айында жасаған үндеуіне байланысты Арыс қаласы орталық «Ысқақ» мешітінің жамағаттары ұйытқы болуыменен жылдағы үрдіс биылда жалғасын тауып әр жұма күні тегін такси қызметін жасады. Сонымен қатар, 21 Маусым күні қалада қатынайтын автобус, газел көліктері бір күн тегін қызмет атқарып мол сауапқа кенелді.