Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Сүлеймен ата мешітінде қасиетті Рамазан айы қарсаңында 40 қыз және 20 ұл Құран оқып үйренді.
Тәжуидті бітіру кешіне қаламыздың Исамиддин баба мешіті ұстазы Гүлжан Қонарбайқызы шәкірттерге тәж кигізіп алғыс хатпен марапаттады.
Жиналған қауымға Рамазан айының қадір-қасиеті жайында насихат айтылып, сұрақ-жауап ойыны да жүргізілді. Бүлдіршіндердің бүгінгі қуанышына үлес қосып жағдай жасаған аналары мен барша ұстаздарына алғыс білдіреміз.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38