Рамазан айының қарсаңында Пайғамбарымыздың (с.а.с) өмірін оқып, насихат алу мақсатында Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Исамиддин баба мешіті әйел-қыздар ұстазы Гүлжан Қонарбайқызы “Пайғамбар өміріне саяхат” сабағын ұйымдастырған болатын. Бұл сабаққа 70-ке жуық әйел қауымы қатысып қорытынды емтихан тапсырды. Нәтижесінде 31-шәкірт сынақтан сүрінбей өтіп мешітіміздің бас имамы Орын Ербосын Бектұрсынұлының алғыс хатымен марапалды. Топтан жарып шыққан 5-үздік шәкіртке Пайғамбарымыздың мешітінің макетімен жасалынған мүсінше (статуэтка) табысталды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38