Міне Рамазан айы да кеп қалды. Ораза – барша мұсылманның парызы. Бүгін Еңбекші ауданы Ар-Рақиб мешіті әйел-қыздар ұстазы Ақмарал Уразова шәкірттер арасында қасиетті Рамазан айына дайындық жиынын өткізді.
Ораза ұстаушы алдымен ішіп-жеуден тиылуы керек. Бірақ ораза ұстаудың барлық сыры осы ғана ма? Егер оразаны ас-ауқаттан тиылу ғана деп түсінсек, оның таңғажайып қадірі қайда қалады? Жалпы біз оразаны не үшін ұстаймыз?
Сансыз сұрақтарға даналы жауапты Әйел-қыздар секторы Балжан Досжанова және орталық Ақмешіт ұстазы Айжарқын Әмзеқызы, Исамиддин баба мешіті ұстазы Гүлжан Қонарбайқызы арнайы келіп уағыз насихатымен бөлісті. Жиналған көпшілікке ақ дастархан жайылып жақсы көңіл-күй сыйласты.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі