Шымкент қаласы Тұран ауданы Айқап мешітінің әйел-қыздар бөлімінің ұйымдастыруымен бойжеткен қыздарға арналған айлық рухани-даму отырысының алғашқы кездесуі өтті.
Жиында бойжеткен қыздарымыздың дұрыс бағытта сауаттарын ашулары үшін, дат ағымның жетегінде кетпеулері үшін жөн сілтеп, уағыз-насихаттар айтылды. Уағызды «Жастық шақ орны толмас мүмкіндік» тақырыбында «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Досжанова Балжан ұстаз айтты.
Өздерінің арасында көңіл көтерер ойындар ойнатылды. Жеребе тасталып бір біріне сыйлық берілді.
Мешіт ұстаздарының атынан қыздың көңілін қызыл гүл табар деп бір шоқ гүлдерден сыйлыққа тарту етілді.
Раббымыз жастарымызды еліміздің,  дініміздің пайдасына өмір сүрулерін нәсіп етсін!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38