IMG 02

IMG 02

Міне, биылғы оразаның соңғы онкүндігі, маусым айының 15 – і күні «Шардара Армспорт» спорт клубының спортшылары, «Шардара» аудандық орталық мешітінде ауызашар дастарханын жайды. Берекелі дастарханға ауыл ақсақалдары мен мешіттің тұрақты жамағаттары, қонақтары қатысты. Шардара қол күрес мектебінің шарболат спортшылары ауыз бекіткен меймандарға қонақжайлық танытып, қызмет етті. Дастархан басында «Шардара» аудандық орталық мешіттің наиб имамы Байжанов Нурмухаммед уағыз – насихатында, Күллі әлемдердің Раббысы Жаратушы Жаппар иеміздің исі мұсылманға нәсіп еткен қасиетті Рамазан айының парыз болған оразасы өлшеусіз сауабымен ерекшеленеді. Және, адамзаттың ардақтысы, ақырғы елші Мұхаммед Мұстафа (с.а.с): хадистерінде «Рамазан айының алғашқы онкүндігі – кешірім, ортасы – рахымдылық, соңғы онкүндігі – тозақтан құтылу», – деп, оразаның қадір – қасиетін баян етті.
Дастархан соңында ауыл ақсақалдары батасын беріп, өз ақжарма тілектерінде Қазақтың ежелгі батырлары сынды, бейбіт күннің батырлары Қазақстанның атын шетелдерде шығарып, намысын қорғап жүрген. Ауданымыздың салауатты өмір салты мен спортының дамуына қосып жүрген зор үлестері үшін алғысын білдірді. Бұдан былайда ауданымыздың болашақ өскелең ұрпағына өнеге болып, көк байрағымызды әлем елдерінің төрлерінде жеңіске жетіп, желбірете берулеріне тілек білдірді.
Дастархан соңында, жамағаттар «Ниет қабыл болсын», – деп жақсы көңіл – күймен тарқасты.

«ShardaraArmsport-news»

 

IMG 01

IMG 02

IMG 03

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38