Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен қалалық дін істері басқармасымен бірлесіп «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында «АЙША БИБІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘЙЕЛДЕРІНІҢ МӘРТЕБЕСІ» атты аймақтық танымдық-рухани семинары өтті.
Игі шараны Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, дінтанушы Мұхамеджан Естеміров, Бекайдар Әміре, Түркістан облысы «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Еңлік Әбиева және қалалық «Әйел-қыздар» секторы жетекшісі Балжан Досжанова ұстаздар және имамдар қатысты.
Тұғыш ұйымдастырылған игі шараны шаһар бас имам орынбасары, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров жүргізіп отырды.
Рухани семинардың бірінші бөліменде бүгінгі таңда өзекті тақырыптар жөнінде қалалық Діни оңалту бөлімінің маманы Дастан Желеуов, қалалық Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Берік Шотабеков, Дін мен дәстүр бөлімінің маманы Самат Анарбаевтар баяндама жасады. Ал рухани семинардың екінші бөлімінде тек әйел кісілерге қалалық «Әйел-қыздар» секторы жетекшісі Балжан Досжанова, Түркістан облысы «Әйел-қыздар» сектоырның жетекшісі Еңлік Әбиева, ұстаз Күлсара Бекет және қалалық «Әжелер» мектебінің мүшесі Қалдыкүл Бекжанова өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, арнайы дәріс оқыды.
Жалпы, рухани семинар барысында ізгі қоғам, қазақ әйелдерінің болмысы, батыр аналар, бала тәрбиесі, келіндерге кеңес, ененің қоғамдағы орны сынды тақырыптар қамтылды.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған шарадан қатысушылар мол мағлұмат алып, көкейде жүрген сұрақтарына тұшымды жауаптар алды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі