Бүгін, Шымкент қаласы, Абай ауданы «Дін Ислам» мешітінде Республика күні және ҚМДБ-ның «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында дін жанашыры болған марқұм Сансызбай Қарсақбайұлын еске алу құрметіне арналған аймақтық Құран жарысы өтті.
Жарысқа Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы арнайы қатысып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жалпы жарысқа 100 қари қатысты. Жарысқа елімізге белгілі қари ұстаз Садуақас қари Олжабай, әйгілі Әл-Азһар университетінің түлегі Нұрсұлтан қари Мамедалиев, Ықылас Майлан, Кәлімжан қари Юлдашев, Мейірбек қари Сәрсенбаев қари-ұстаздарымыз төрелік етті.
Қатысушылар үш аталым негізінде жарысқа түсіп, жарыс нәтижесі бойынша:
10 пара:
1-орын: Мұхаммедәли Шакиров
2-орын: Нұрислам Тұржанов
3-орын: Жандолла Мұратов
20 пара бойынша
1-орын: Махмуд Мырахмет
2-орын: Арсен Есімбек
3-орын: Әбілқайыр Жұбан
30-шы пара бойынша:
1 -орын: Исламнұри Сержанұлы
2-орын: Абдулазиз Илхамжанов
3-орын: Нұртілеу Сейтқасым
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған жарысқа марқұм Сансызбай Қарсақбайұлының ұрпақтары демеушілік көрсетті. Жарыс нәтижесі бойынша үш аталым бойынша бірінші орын иегерлеріне Ұмра қажылық сертифиаты табыс етілді. Ал қалған жүлдегерлерге алғыс хат пен қаржылай сыйлықтар табысталды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі