Тұран ауданы Әл-Муслим мешітінің имамы Байниязов Серғали Мұхтар Әуезов атындағы университет колдежі студентерімен кездесіп, денсаулық Алланың берген аманаты атты тақырыпта насихат айтты. Энергетикалық сусындардың және электронды темекінің адамзат баласына зияны жайлы түсіндіріп өтті. Студенттер арасында сұрақ-жауаптар болып сұрақтарға толық қанды жауаптарын алды. Сөз соңында студентерге сәттілік тілеп тарқасты.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі



