Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты Аңламас ата мешіті мен Қарабура әулие мешіттерінің әйелдер бөлімі бірігіп, «Мейірім пайғамбары» атты рухани мәуліт кешін өткізді. Аталған шарада пайғамбарымызға арнайы мәуліт жырлары оқылып, арнайы хатым дұғасы бағышталды. Рухани кештің мақсаты – нәзік жандыларға пайғамбарымызды таныту, сүйдіру болатын. Аталмыш рухани кеште пайғамбарды танытатын видеослайдтар көрсетіліп, қоғамда актуалды тақырыптарға қатысты көріністер қойылды. Рухани кеште Гүлжан Нұрланқызы ұстаз, Әсем ұстаз, Нұргүл ұстаз әйелдер жамағатына өз насихаттарын айтты.
Рухани кешке үлесін қосқан, атсалысқан барша бауырларымызға алғысымызды білдіреміз!

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38