Шымкент қаласы, Әл – Фараби ауданы, “Сейткәрім қажы“ мешіті және” Ықылас қарилар орталығы бірлесіп ұйымдастыруымен“ Қасиетті мәуліт кеші болып өтті. Аталмыш іс шараға Шымкент қаласының орталық мешітінің наиб имамы Мұхаммеджан ұстаз, Әл фараби ауданының бас имамы Ахметжан қажы Керімбек және өзгеде ұстаздар қатысып, Ордабасы мешітінің наиб имамы Мейірбек қари мәуліт оқыды, шара барысында ұлттық ойындар (арқан тартыс, асық) дәріптеліп жиналған жамағатқа ақ дастархан жайылып сыйлықтар таратып дұға жасалды!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі










