ҚМДБ Шымкент қаласы, Қаратау ауданы орталық “Байғұт баба” мешіті мен Қайтпас -1 шағын ауданы, төбе биі Қонайұлы Қоблан және Қайтпас- 1 шағын ауданы, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Молдабекұлы Аманбек ағаларымызбен 1 – Қазан Қарттар күніне орай “Қарттарым – қазынам” – атты игі шара ұйымдастырылды. Бас Муфтиіміз Наурызбай қажы Тағанұлының және Шымкент қаласы бойынша өкілі , Бақдаулет қажы Нұрматұлының құттықтаулары оқылды.
Қонаққа : Қаратау аудан әкімі Мүлкеманов Рақымберді.
Шымкент қалалық маслихатының депутаты Асқар Молдабек
Сөз сөйлеп ақсақалдарға рақметтерін айтты.
Ия, ақиқатында біз қариясын құрметтеген, үлкенін сыйлаған, бағалаған елміз. Қарияны құрметтеу – біздің бабалардан мирас болған қастерлі мұрамыз іспетті.
Хадис-шәрифтерде: “ Үлкендерін құрметтемеген, кішілерге мейірім етпеген адам бізден емес”, делінген.
Алла Тағала сіздерге күш-қуат пен амандық нәсіп еткей.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

