Аталмыш іс-шараға Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданының бас имамы Ахметжан қажы Пірәліұлы және найб имамдары Панов Исмайл және Ержігіт Мамытұлы имамдар қатысты. Ахметжан қажы Пірәліұлы мәуліт жайлы уағыз айтып, қала бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының сәлемін жамағатқа жеткізді. Таскен мешітінің имамы Нұрғиса Мұсаев ұстаз жамағатқа әсерлі насихат жеткізді. Ордабасы мешітінің найб имамы Сәрсенбаев Мейірбек қари мен термеші-жыршы Тәжиев Мәдіхан және «Әл-Біләл» қарилар дайындау орталығының шәкірттері мәуліт жырын оқыды.
Шара барысында жиналған жамағатқа дастархан жайылып және сұрақ-жауап сайысында сыйлықтар таратылды. Мешітіміздің жамағат ақсақалы Өркен Әбдіреев бата берді.
Аталмыш кешті жүргізіп, жамағатты қызықтырған Ержігіт имамға және барша ұстаздарымызға ерекше алғыс білдіреміз. Атсалысқан барша бауырларға Алла разы болсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі



