Шымкент қаласы облыстық мешіттің ұйымдастыруымен қатарынан үш күн бойы 1-маусым халықаралық балалардың құқығын қорғау күні мерекесіне орай «Балаларға базарлық» атты қайырымдылық шарасы өтті.
Аталмыш шарада мешіт жанындағы діни сауат ашу курсында тәлім алып жатқан 70 бөлдіршін шәкірттерде арнайы батут құрылып, үш күн бойы тегін секіртпе ойынауға мүміндік берілді.
Сондай-ақ, облыс имам орынбасары – ДСАК бөліміне жауапты Еркебұлан Қарақұлов және Нұрлан Бахытжанұлы, Есалы Тәжібаев ұстаздардың бастамасымен бүлдіршіндердің имани қаситтерін дамыту үшін арнайы сұрақ-жауап сайыстары ұйымдастырылып, нәтижесінде барлық балаларға өкілдіктің алғыс хаты табыс етіліп, ауыз ашар кезінде арнайы дастархан жайылды.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі