Шымкент қаласындағы облыстық орталық мешітінде облыстық Зекет қорының өкілдерінің ұйымдастыруымен «Рамазан – мейірім айы!» атты қайырымдылық шарасын өткізілді.
Қайырымдылық барысында облыс имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров пен облыстық Зекет қорының жетекшісінің орынбасары Еркін Полатовтар арнайы қабылдап, ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты құттықтауын жеткізіп, оларға имандылық жөнінде және сабырлы болуы жөнінде уағыз айтты.
Шара соңында мүмкіндігі шектеулі, жағдайы нашар, көпбалалы 80 отбасыға қаржылай және азық-түліктер үлестіріп берді.
Әр отбасыға жұмсалған қаржы отыз мың теңгені құрайды. Осы шараға қолдау білдірген барша азаматтарға Алла разы болсын!
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі