Шымкент қаласы Тұран ауданы Қождан ата мешітінде жазғы діни сауат ашу курсына қатысушы шәкірттермен кездесу болып өтті. Кездесуге Шымкент қаласы бас имамының орынбасары Қазыбек Сарыбай имам жәнеТұран ауданының имамы Ақтөре Әліпбайұлы қатысты. Жиын барысында ДСАК шәкірттеріне мешіт әдебі және Құран үйренудің маңыздылығы жайлы уағыз-насихат айтылды. Биыл Қождан ата мешітінде жазғы діни сауат ашу курсына 100 аса мектеп жасындағы ұл балалар қатысып жатыр.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі