Шымкент қаласы Тұран ауданы бойынша 16 мешіттен 6 айлық есеп алынды. Бүгін Тұран ауданының орталық мешіті, Қождан ата мешітінде аудан имамдары мен бас қосу болып өтті. Жиынға Шымкент қаласы бас имамының орын басары және Тұран ауданының кураторы Сарыбай Қазыбек имам және аудан бас имамы Ақтөре Әліпбайұлы қатысты. Жиын барысында Тұран ауданына қарасты мешіттер қызметінде кеткен кем-кетіктер айтылды және оларға ескерту жасалды. Шара соңында дүние жүзілік соғыста қайтыс болған сұрауы бар, сұрауы жоқ ата-бабаларымыздың рухтарына Құран бағышталды.