Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы Абай Ауданы бойынша «зекет»-қорының жетекшісі Садиев Әлжан Каттабекұлының және «Бейімбет молда»-мешітінің имамы Талғат Абдукәрімұлы, найб имам Фархад Еркінұлының ұйымдастыруымен игі шара атқарылды. Қайырымдылық шара бойынша әр отбасына 3 қаптан, 200 қап 60 отбасына таратылды.
Жер өнімдерінен алынатын зекет түрін үшір дейміз. Қасиетті Құранның Бақара сүресінде: «Ей, мүміндер! Табыстарыңның және сендер үшін жерден шығарған нәрселеріміздің жақсыларын тиісті орынға жұмсаңдар,- десе. Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.с): «Жерден шығатын барлық нәрсенің үшірі бар», – деген хадисіне сүйене отырып, кәсіпкер ағамыз жақсылықтың жаршысы ретінде еккен егінінен 6 – тонна картоп әкеліп Қайнар бұлақ тұрғын үй алабы, Қайнар бұлақ саяжайы, және Жаңақұрылыс тұрғын үй алабындағы аз қамтылған отбасыларына таратылды.