Байғұт баба мешітінің атынан, Фурқан оқырмандар клубының жастары “ ҚАРТТАР ҮЙІНЕ АУЫЗАШАР” берді.
178 қарт бар екен. Қайырымдылық ретінде үлес қосқан кісілердің себебімен Рамазана құрметіне күндіз дастархан жайылып, кешке ораза ұстағандарға АУЫЗАШАРҒА дастархан жайылды.
Кішігірім концерттік бағдарламамен барып, Актер, сатирик Ғалымжан ағамыз қарттардың көңілін аулап , ойындар ойнатып, сөз беріп сырласып, дастархан басында домбырамен жырлар төгілді.
Ұйымдастыруға атсалысқан әрбір жанға Алланың мол сауабы болсын.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі