Рамазан айы бойы ауыз ашар беріп, жамағатпен Құран хатым етіп, түрлі жарыстар ұйымдастырып келген Шымкент қаласы Тұран ауданы Айқап мешітінің әйел-қыздар жамағаты міне бұл жолы Қадір түнін де пайдалы етіп өткізді.
Айқап мешіті әйел-қыздар бөлімінің «Мың айдан да хайырлы – Қадір түні» атты іс-шарасы ауыз ашар дастарханымен басталып таң намазына дейін жалғасты. Осы аралықта уағыз-насихаттар, тарауих намазы, одан кейін Қадір түні дұғалары жайлы уағыз, сұрақ-жауап жасап ойнатты. Соңғы он күндік салауат сайысы жеңімпаздары марапатталып, Құран хатымы дұғасы оқылды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі