Аса Қамқор Ерекше Мейірімді Алланың атымен!
Шымкент қаласы Әл — Фараби ауданына қарасты «Сейіткәрім Қажы» атындағы мешітімізде  «Әйел-қыздар» секторының  жамағаты Қасиетті Рамазан айының ораза күндеріне орай ауызашар дастарханын ұйымдастырып, жамағатымызға мешітіміздің ұстазы Жамалова Мираж  «Алланың разылығы» атты уағыз -насихаттар айтып, арамыздағы жамағатқа өнеге болып жүрген Әлима апамыз Құран жайында үндеу ,ғибратты сөздер айтты. Мешіттің жас қыз-келіншнктері викториналық сұрақтар әзірлеп, барша жамағатқа ас берілді. Іс-шараға атсалысқан әр-біріңізге Аллаһ разы болсын.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38