Aua rain boljau

Aua rain boljau

Жалпы метеорология мамандары Алла Тағаланың жаңбырға қатысты бекітіп қойған заңдылықты ғана біледі. Әрине жаңбыр жауудың өзіне тән бұлттың қаптауы, желдің есуі тәрізді белгілері бар. Егер ауа-райын болжаушы мамандар бұлттың қаптағанын, желдің есуін, ауаның ылғалдығын көрсе, онда мынадай уақытта жаңбырдың жаууы күтілуде деп айтады. Спутниктік технологиялармен желдің, бұлттың биік немесе төмен қозғалыстарын алдын ала есептеу ғайыпты білу деген сөз емес. Керісінше ол себептерге (ғылыми мәліметтерге) сүйеніп алдын-ала бір нәрсеге үкім беру бабына жатады. Имам Мәликтің «әл-Муатта» атты кітабында: «Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) егер теңіз жақтан бұлт көрінсе кейін Шамға қарай бағытталса онда ол нөсерлі жаңбырдың белгісі» деп айтқанын келтірген[1]. Бұл тәжірибенің, айғақтың, бақылаудың нәтижесінен жаңбырдың жауатынын хабарлау көместі білгенге жатпайтынына дәлел.

Ал Құранда:

إِنَّ اللَّهَ عِنْدَهُ عِلْمُ السَّاعَةِ وَيُنَزِّلُ الْغَيْثَ وَيَعْلَمُ مَا فِي الأرْحَامِ وَمَا تَدْرِي نَفْسٌ مَاذَا تَكْسِبُ غَدًا وَمَا تَدْرِي نَفْسٌ بِأَيِّ أَرْضٍ تَمُوتُ إِنَّ اللَّهَ عَلِيمٌ خَبِيرٌ

«Ақиқатында, Алла (сондай), Сағаттың [Қиямет күнінің] білімі (тек) Соның дәргейінде әрі Ол нөсер де түсіреді, жатырлардағыны да біледі. Ешір жан ертең не істейтіндігін [басынан не өтетіндігін] білмейді һәм ешбір жан қай жерде өлетіндігін білмейді, Асылында, Алла – білуші һәм Хабардар!»[2] – деп баян етілгендей «жаңбырдың жаууы» Алладан басқа ешкім білмейтін бес нәрсенің бірі дегеннің мағынасы оны бақыламай жатып жаңбыр жауады деп айтуы. Алла Тағала қияметтің қашан болатынын, жаңбырдың қай уақытта жауарын, жатырдағы баланың жынысын, адамның ертеңгі күнін және қашан, қай жерде өлетінін, бұлардың барлығын болмай жатып та, себебі көрінбей тұрып та біледі. Бұны Алладан басқа ешкім білмейді. Алайда олар жүзеге асқаннан кейін немесе алдын-ала себептерге, тәжірибеге сүйеніп пенделер де білу мүмкін. Өйткені Алла Тағаланың ілімі адам баласы жаңбырдың жауарын ғылымға сүйеніп білгеніндей себептермен шектеліп қалмаған.

Адам баласының білімі тәжірибе мен зерттеулер арқылы ғана іске асатын шаралар. Осы тәжірибеден кейін нәтижесі көріне бастайды. Бірақ Алланың ілімі шексіз. Тәжірибе, зерттеу амалдарына байланысты емес. Жаратушы Иеміз бұлт қаптамай, жел еспей жатып жаңбырдың жауарын білуші.

Ескеретін жайт, бұл мәселеде ешкім нақты жаңбыр жауады деп кесіп айтпайды. Керісінше жаңбыр жауудың күтілуін хабарлайды. Дегенмен ауа-райы болжамының басым көпшілігі күнделікті өмірімізде жүзеге аспай жатқанын байқаймыз. Жаңбыр міндетті түрде жауады деп кесіп айту ақидаға да, ақиқатқа да қайшы. Біздің сенімімізде бүкіл істің барлығы Алланың иелігінде, жаңбырдың қашан жауатынын Алладан басқа ешкім білмейді.

Осыған орай, «жаңбырдың жаууы күтілуде» деп, одан кейінгі істі Аллаға тапсыру дін және ғылым тұрғысынан дұрыс болмақ.

Алла толық білуші!

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі

http://fatua.kz

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38