Шымкент орталық мешітінде марқұм ғалым, аудармашы, ұстаз ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің белсенді мүшесі болған Абсаттар қажы Смановтың аударған «Құран Кәрімнің қазақша мағынасы және түсінігі» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Игі шараны Шымкент қаласы бас имам орынбасарлары Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, республикалық Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Бекайдар Әміре, «Сарыағаш» медресе-колледжінің құрылтайшысы Әбдіжаппар Шәкірұлы, дінтанушы Қалиолла Маджанов, Жастар ісі секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков ашып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.
Айта кетсек, «Құран Кәрімнің қазақша мағынасы және түсінігі» кітабы 10 мың данамен шыққан. Оған Дін істері комитетінің дінтану сараптамасының және Қазақстан мұылмандары діни басқармасының дінтану сараптамасының оң қорытындысы берілген.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі