Бүгін «Шымкент» медресе колледжінің ғылыми кітапханасында марқұм ғалым, аудармашы, ұстаз ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің белсенді мүшесі болған Абсаттар қажы Смановтың аударған «Құран Кәрімнің қазақша мағынасы және түсінігі» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Игі шараны Шымкент қаласы бас имам орынбасар Мұхамеджан Естеміров, «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай, «Сарыағаш» медресе-колледжінің құрылтайшысы Әбдіжаппар Шәкірұлы т,б, ұстаздар мен шәкірттер қатысты.
Айта кетсек, «Құран Кәрімнің қазақша мағынасы және түсінігі» кітабы 10 мың данамен шыққан. Оған Дін істері комитетінің дінтану сараптамасының және Қазақстан мұылмандары діни басқармасының дінтану сараптамасының оң қорытындысы берілген.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі