Уақытты пайдалан
Бір жасыңның өлшемі
Отыз күннен он екі ай
Бір жасқа жасың толады.
Өлшеніп берген өмір бар
Уақыт деген күн мен ай
Өміріңнің орағы.
Күні біткен күнде өлер
Былтырғы адам биыл жоқ
Дүниенің адам қонағы.
Байларда өткен дүниеден
Мыңдап малды айдаған
Батырларда өткен дүниеден
Бес қаруын сайлаған
Пайғамбарларда өткен дүниеден
Жұмыр басқа өлім хақ
Өлмей қалған қайда адам.
Өлім деген қасқағым
Босқа өткізбе өмірді
Құлшылық қылып Аллаға
Уақытты пайдалан.
Уа көңілім көңілім
Ойнап күлу бос жүру
Дүниенің қызығы
Алланы естен шығарар
Уақытты бос өткізбе
Уақыт сенің өмірің
Түркістан облысы Отырар ауданы
Есенқараұлы Құтышбек
Пікір етте шүкір ет
Құдіреті күшті бір Алла
Он сегіз мың ғаламды
Құдіреті мен жаратты
Иниси жин мен махлұқатты
Жер су және аспанға
Мекен етіп таратты
Ақыл беріп адамға
Дәрежесін биік қып
Адамға бәрін қаратты
Осыларды пайымдап
Құдіретіне Алланың
Тәубеге келіп шүкір ет
Барлық жануар аң құстар
Қорегін тауып жеуіне
Ақыл есін тең қылған
Ырызығы үшін оларға
Біріне бірін жем қылған
Ақыл бермей ес беріп
Адамнан ақылын кем қылған
Ауырып қалса адамдар
Киелі шөптен ем қылған
Зиянкес келсе жындардан
Құраннан оқып дем қылған
Осыларды пайымдап
Құдіретіне Алланың
Пікір етте шүкір ет
Барлық жануар аң құстар
Бірін бірі ұстап жер
Тек олардың тамағы
Адамдай емес олардың
Ғылым білім үйрену
Жазу сызу онда жоқ
Жоқ олардың амалы
Жаратқанды танымас
Ақыл есі шамалы
Осыларды пайымдап
Құдіретіне Алланың
Пікір етте шүкір ет
Ислам діні дініміз
Пайғамбарымыз Мұхаммед
Жаратқанды жат етіп
Айтып жүрсін тіліңіз
Лә илаһа иллалаһ
Кәлиманы көп айтып
Тәһлил айтып жүріңіз.
Лә илаһа иллалаһ
Кәлиманы көп айтып
Тәһлил айтып жүріңіз
Пайғамбарымыз Мұхаммед
Болғанымызға біз үммет
Мұсылман қауымы жамағат
Тәубеге келіп шүкір ет
Жаратқан ием Алланы
Күндізде түнде зікір ет
Құдіретіне Алланың
Пікір етте шүкір ет
Түркістан облысы Отырар ауданы
Есенқараұлы Құтышбек
Ата дәстүр салтымыз
О жамағат халқымыз
Осыма еді бұрынғы
Ата-дәстүр салтымыз
Құлшылық жоқ Аллаға
Ораза ұстау, намаз жоқ
Өтіп жатыр дүниеден
Жетпістен асқан қартымыз
Күнәнің бәрі арақтан
Күндізде түнде арақты
Дүкенде сатып таратқан
Мұсылманның жолы емес
Жолымыз жүріп баратқан
Барлық күнә арақтан
Арақ ішу көбейді
Бұған ешкім демейді
Келешек ұрпақ не болар
Зиялы қауым не дейді
О жамағат халқымыз
Шет елдермен араласты
Ата дәстүр салтымыз
Дінге сенбей өтіп жатыр
Дүние қуу, ойнап күлу бұл заман
Не болар екен артымыз.
Жастарымыз көшеде
Келте көйлек тар шалбар
Құйрығын қаптап киінген
Ата-анадан әдеп жоқ
Жаппайық жала біреуге
Шығып тұр бұлар үйіңнен
Тойханаға тойлатқан
Жалаңаш қыздар ойнатқан
Қазағым емей кім дейміз
Бұрынғы қазы, билер жоқ
Тоқтатуға бұларды
Заңғарды қайдан іздейміз
Өтірік өсек мақтаншақ
Ғайбат сөз айтпақ,
Мал шашпақ
Үлкен күнә екенін
Молдалар айтса сенбейді
Алладан қорқып адамдар
Күнәсіне істеген
Уайым қайғы жемейді
Өтірік айтқан адамды
Алла пендем демейді
Надандықтың белгісі
Күнә екенін білсе де
Күнәдан бойын аулақ сап
Тәубесіне келмейді
О жамағат халқымыз
Не болып барады салтымыз
Жүре берсек бұл жолмен
Қазақ ұлты жойылар
Ақылдасар күн туды
Атыңның басын тартыңыз
Түркістан облысы Отырар ауданы
Аққұм ауылы
Есенқараұлы Құтышбек
Құран
Бұл құран
Мүміндер үшін тура жол
Тура жолмен жүргендер
Тура сөйле тура бол
Бұл құран
Тақуалар үшін насихат
Мағынасын оқып түсінсең
Алланың сөзі ақиқат
Бұл құран
Алла сөзі әріпі нұр
Екі дүние білімі
Құранда тұр
Бұл құран
Оқығанға құранды
Ақіретке барғанда
Шапағат етіп тұрады
Құран үйрен
Құран оқы құран жатта
Уақытты пайдалан
Бекер жатпа
Құраннан
Шариғаттан білім ал
Екі дүние ілімін
Құраннан оқып біліп ал
Дін мұсылман жамағат
Қалдырып кетті пайғамбар
Құранменен хадисті
Мұсылманға аманат
Түркістан облысы Отырар ауданы
Есенқараұлы Құтышбек
Алданба көңілім алданба
Алданба көңілім алданба
Мына дүние жалғанда
Жолдас болмас дүниең
Қалып қояр артыңда
Қараңғы жер көр іші
Тар лахадға салғанда.
Алданба көңілім алданба
Өткінші дүние жалғанға
Құлшылықпен өтсін өмірің
Пайда берер жақсы амал
Сұраушы жауап алғанда.
Бес парызды орында
Дүние жинап мақтанба
Бір Алланы зікір ет
Күндізде түнде жатқанда.
Алданба көңілім алданба
Мына дүние жалғанға
Босқа өткізсең өмірді
Қандай қиын өкініш
Ахиретке барғанда.
Ораза намаз жоқ болса
Өкінесерсің сол кезде
Қараңғы жер тар лахад
Көр ішінде қалғанда.
Уақытты бос өткізіп
Қалып қойма арманда.
Түркістан облысы Отырар ауданы
Есенқараұлы Құтышбек
Жеті қорлық
Адамқорлық, зинақорлық,
Парақорлық, сыбайластық жемқорлық,
Араққорлық, өсімқорлық,
Нашақорлық бұл қорлық
Бұл дүниеде ауыр қылмыс
Адамдарға істелінген бұл зорлық
Бұл қорлықты, бұл зорлықты
Тоқталмас заңменен
Діннен сабақ алмаса
Басқа жолмен тоқтатылу далбаса
Бұл қылмысты, бұл зорлықты
Қазы билер болдырмай
Құраннан үкім шығарып
Бұған халық араласқан
Шариғаттың заңыменен
Күнә істеген адамдарды
Жазасын беріп қазылар
Тас боран қылып дарға асқан
Түркістан облысы Отырар ауданы Есенқараұлы Құтышбек
Сол жеріміз кем боп тұр
Қазақ елі Отаным
Тәуелсіздік ел боп тұр
Басқа елдермен теңесіп
Терезесі тең боп тұр.
Астанамыз Елорда
Шаңырағы биік боп
Керегесі кең боп тұр.
Елбасымыз тарихта
Төрелік айтып әлемге
Айтқан сөзі ем боп тұр.
Сыбайластық жемқорлық
Парақорлық тоқталмай
Ел басқарған басшыға
Қара халық басшыға
Қара халық жем боп тұр.
Діннен сабақ алмаса
Харамнан дене тазармас
Жастарымыз түзелмес
Сол жеріміз кем боп тұр
Түркістан облысы Отырар ауданы
Есенқараұлы Құтышбек
Саһар тұр
Ерте жатыпсаһар тұр
Белгісі таңның атқанда
Несібеден құр қалар
Күн шыққанша жатқанға
Сәрі уақыты болғанда
Жәннаттің есігі ашылар
Қараңғы түн ағарып
Таңның нұры шашырар
Саһар уақыты болғанда
Таң сәріде ерте тұр
Раббыңды ұлықтап
Намаз оқып зікір қыл
Арайлап таң атқанда
Таңғы ұйқыдан пайда жоқ
Сәулесін шашып күн шығар
Ұйқыны қимай жатқанда
Саһарда тұрып шақырған
Азанның даусы кетеді
Саһарда тұрған адамдар
Ертелеп еңбек етеді
Тілегені қабыл боп
Мақсатына жетеді
Аллаға Саһар тұрып құлшылық қыл
Жан жануар адамзат Аллаға құл
Қорқыңдар ахиреттің азабынан
Жастарға айтатұғын насихат бұл.
Түркістан облысы Отырар ауданы Есенқараұлы Құтышбек