ҚМДБ-ның «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Шымкент қаласы бойынша мешіттерде  «Жүрек дерті және  одан арылу жолдары» атты жұма уағыз-насихат айтылды.

Осы айта кетсек, аталмыш жұма тақырыбы аясын жан-жақты ашып, түсідіру жүргізілді. Бүгінгі таңда, жүрек дертіне рухани кесел болып жабысқан парақорлық пен жемқорлықты айтуға болады.

Осы жөнінде қала бойынша мешіттерде қосымша  парақорлық пен жемқорлықтың ел дамуына зияны туралы кең көлемде түсіндіру жүргізілді. Жиын барысында имам дін тұрғысында пара бергенде, алғанда кінәлі екендігін айтып, барша қатысушыларды еңбекпен, адал табыс табуға шақырды.    Сыбайлас жемқорлықпен күресу тек мемлекеттік мекемелердің жұмысы емес, онымен бүкіл қоғам болып күресуіміз керек, сондықтан еліміздің өркендеуі жолында игі жақсы амалдарды жасауға және жемқорлық індетімен күреске бірге атсалысайық.

Рухани шараның жоғары деңгейде өтуіне аудандық мешіт имамдары мен  қалалық Дін істер басқармасы, «Шымкент медресе» колледжі,  қалалық  «Зекет және қайырымдылық» қоры, «Жастар ісі» секторы «Әйел-қыздар» секторы, «Әжелер» мектебінің мүшелері т.б. мешіт жамағаттары қатысты.

 ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38