Дін Ислам мешітінде » Қош келдің Рамазан» атты рухани кеш өткізілді. Кешімізді мешітіміздің имамы Шәмші Бақдаулет мырза ашып берді . Келген қонақтар саны 60 қа жуық ,барлық қонақтарымызға сыйлықтар таратылды , мешіт ұстазы уағыз насихат айтып , мешіт шәкірттері әсерлі көрініс қойып , қызықты ойындар ойнатып қонақтардың көңілінен шықты ,биыл оразаны бірінші рет ұстауға ниет еткен жандарға бағалы сыйлықтар берілді ,соңынан дастархан жайылып ,мешіт атынан палау таратылды .Барша атсалысқан жандарға Алла разы болсын
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі