Құранда айтылғандай ауру-сырқау жандардың жазылған кезде ұстауына рұқсат етілген. Ауырып қалған кісі егер сырқаты ауырлап немесе жазылуы ұзаққа созылып кететін жағдайда ораза стамауға әрі бастаған оразаларын бұзуларына да болады. Бірақ ешқандай негізге сүйенбестен бекерден-бекер қорқып оразаны ұстамауға болмайды. Ол кісінің жеке тәжірибесіне немесе сенімді дәрігердің кеңесіне негізделуі қажет. Дәрігерлер тарапынан ораза ұстаған жағдайда денсаулығына зиян тиетіні анықталған жандар да ауырған есебінде саналады. Мұндай ауруларға ораза ұстамауларына болатындығы жайлы дәлел Құрандағы: «Сендерден кім рамазан айында болса, ораза ұстасын. Ал біреу науқас не сапарда болса, басқа күндерде санын толтырып, ораза тұтсын» – деген аят. (Бақара сүресі, 184 аят).