Жүкті немесе емізулі баласы бар әйелдер өз тәжірибесіне немесе сенімді дәрігердің кеңесіне сүйене отырып, өз денсаулығы мен баласына зиян келуден қорықса, ораза ұстамай-ақ қойса болады. Кейін ұстамаған күндерінің қазасын өтейді. Фидия берудің қажеті жоқ. Бұған дәлел Алла елшісі (с.ғ.с): «Алла тағала жолаушыға ораза ұстауды, намаздың жартысын орындауды міндеттемегн және жүкті әйелдер мен бала емізетін әйелдерді де ораза ұстаудан босатқан», – деген. (Сүнәну Байһақи).