Шымкент қаласы, Тұран ауданы, «Айқап» мешітінде Дін мен дәстүр саласына жауапты Анарбаев Самат имам қатысуымен үш айлық дін мен дәстүр шаралары пысықталды. Шара барысында ҚМДБ-ның бекіткен бес бағытының бірі «Дін мен дәстүр» бағыты бойынша жұмыс жоспарлары талқыланды. Халыққа дінді жеткізу, уағыз айту барысында ұлттық дәстүрді бірге алып жүру, ойшыл бабаларымыздың мақал-мәтелдерін, қара сөздерін қолдану керектігі айтылды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі