ҚМДБ-ның Шымкент қаласының өкілі, Шымкент қаласының Бас Имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының тапсырмасына сәйкес, Абай ауданының бас имамы Бердалы Жәміш Қаратау ауданынан Абай ауданына қосылған мешіттерді аралап тыныс-тіршілігімен танысты. Алдағы жылда атқарылатын жұмыстардың бағыт-бағдарын түсіндірді.
Жаңадан бой көтеріп келе жатқан мешіттер осы жылы халықтың игілігіне берілсін-деп, бірқатар тапсырмалар жүктеді.
«Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы биылғы жылды»Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жариялады. Сол себептен халықпен, жамағатпен етене жұмыс жасап бірлігіміз бен ынтымағымызды көрсетейік»- деп Имамдардың жұмысына сәттілік тіледі.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі