Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінде жергілікті ақпараттық насихат тобы мен қалалық Шариғат және пәтуа бөлімінің мамандарына кеңейтілген діни семинары ұйымдастырылды.

Семинарға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, қалалық Дін істер басқармасының бөлім басшысы Ғалымжан Тахирұлы және жергілікті ақпарттың насихат (ЖАНТ) тобы мен қалалық Шариғат және пәтуа бөлімінің мамандары қатысты.

Босқосу аясында шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы қос бағыт жұмысын күшейту, үйлестіру, жеке және жалпы кездесу бойынша нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ,   басқосу аясында қалалық «Діни оңалту» бағытына жауапты Дастан Желеуов пен қалалық «Шариғат және пәтуа» саласына жауапты Исламқұл Иманқұлұлы тоғыз айда атқарылған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38