ҚМДБ Шымкент қаласы, Қаратау ауданы «Сүлейман ата» мешітінің жамағаты, шәкірттерімен қоса Имамы. «Арыстан баб» кесенесіне, байырғы Отырар қаласының орнына, «Қожа Ахмет Ясауи» кесенелеріне барып, бабалар рухына Құран бағыштап, тарихы тереңде жатқан көне шаһардың киелі орындарын зиярат етті. Сондай-ақ мешіт ұжымы күллі түркі жұртының рухани астанасына айналған қаланың жаңарған көрінісіне куә болды. Бүгінгі сапар шеккен ұжым рухани мол тағылым алып қайтты.
Шымкент қаласы орталық мешітінің басапсөз қызметі