Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Шымкент» медресе-колледжінің 2022-2023 оқу жылына талапкерлерді қабылдау басталды. Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы мен «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембайдың тиісті орындарға жолдаған ұсыныс хаты оң шешім тауып отыр. Дәлірек айтқанда, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Айтеновтың үлкен қолдауымен алдағы оқу жылына 200 грант бөлініп, тегін оқу мәртебесі берілді. Аталмыш оқу ордасында студенттерге барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, жатақхана, асхана, кітапхана, спорт зал, мешіт, компьютерлік сыныптар, қыздар бөліміне тігін цехі, т.б. қажетті дүниелермен қамтамасыз етілген. Айта кетейік, биылғы жылдан бастап медресеге 9-11 сынып бітіргендер қабылданды. Алла Тағала шәкірттеріміздің зейін ашып, мол ілім нәсіп етсін!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі