Шымкент қаласы, Еңбекші ауданының бас имамы Қалдаров Берік. ONTUSTIK TV қонағы болып, «Мешіттің қоғамдағы орны» тақырыбында сұқбат берді.

Мешіт – пендені имандылыққа баулитын, барлық жақсылықтың тоғысқан қасиетті сүйіспеншілік мекені. Бір ғұлама «Өмір – мешіттің ішінде, мешіт – өмірдің ішінде», деген екен. Жалпы айтқанда, мешіт пен өмір – егіз ұғым.

Мешіт – құлшылық жасалатын орын. Яғни, ол жерге келудегі басты мақсат – Аллаға құлшылық ету, парыз етілген үкімдерді орындау. Мешіт қоғамдағы барлық мәселенің шешімін табуға, елдегі бірліктің, ынтымақтың сақталуына тікелей себепші болатын орын. Адамның туғанынан бастап өмірден өткенге дейінгі діни рәсімдер мешітте өткізіледі. Мәселен, балаға ат қою, неке қидыру, жаназа шығару сынды көптеген діни рәсімдер мешітте орындалады.

Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38