Бүгін, Шымкент қаласына іссапар келген ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Қанат қажы Қыдырмин мырза «Айғақ» телеарнасына «Ислам – мейірім мен қайырымды діні» тақырыбы аясында сұхбат берді.
Биылғы жылдың алғашқы сұхбатын ұстаз Қанат қажы Қыдырмин мырза ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының 2022 жылы атқаратын ілкімді жұмыс жспарлары мен өзгеде зекет мәселелеріне қатысты мәселелерге тоқталды. Сұхбатты «Айғақ» телеарасының сайтынан көруге болады.
Айта кетсек, Шымкент орталық мешіті мен «Айғақ» телеарнасына арасында екі жақты келісім бойынша «Дін мен дәстүр сабақтастығы» имандылық рухани хабары жүгізіліп келеді. Аталмыш хабарды Әділбай Тойшиев жүргізіп, жетекшілік етеді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі