Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия дін істер басқармасы арасында меморандум аясында биылғы жылы Рамазан айына Құран хатым өту үшін елімізге 20 қари шақыртылған болатын. Осы қарилардың ішінде Хамза Өзкурт қари Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық «Әл-Біләл» мешітіне қасиетті Рамазан айында тарауих намазында Құран хатым өткізу үшін келді. Сонау Түркия елінен келген Хамза Өзкурт қариды Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы қабылдап, алғыс білдіріп, қазақи дәстүрге сәйкес сый-құрмет көрсетті. Айт кетсек, биылғы жылғы тарауық намазында Шымкент қаласы бойынша 45 мешітте Құран хатым оқылып келеді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі