Шымкент орталық мешіті мен қалалықішкі саясат және жастар істері басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-сі Абай аудандық филиалының ұйытқы болуымен «Біз – діни экстремизмге қарсымыз» атты рухани кездесу ұйымдастырылды.
Рухани кездесу шарасы М.Әуезов атындаы ОҚМУ-не қарасты колледжі ғимаратында ұйымдастырылып, оған ҚМДБ-ның ЖАНТ мүшесі әрі Абай аудандық «Нұр-Төбе» мешітінің бас имамы Бердалы Жәміш пен «Атамекен» мешітінің имамы Дәулет Туленовтар қатысып, жастарға рухани дәріс оқыды.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған кездесуге қатысқан жастарға түрлі кереғар ағымдардан сақтану жолдары, тәлім-тәрбие, білім алу, ата-ананы құрметту, т.б. тақырыптар төңірегінде сөз қозғап және көкейде жүрген сұрақтарына жауаптар берілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі