Қасиетті Рамазан айының бесін және құптан намазы алдында жамағатқа уағыз-насихат жұмыстары жүргізіліп келеді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының бастамасымен  орталық мешіттің найб имамдары қаладағы мешіттерде тарауих намазы алдын уағыз айтуда.

Соның бір көрінісі,  Шымкент қаласы орталық мешітінің найб имамы Қазыбек Сарыбаев  Абай аудандық «Нұр-Төбе» мешітінде болып, жиналған жамағатқа «Ихсан –  тәрбие көзі» тақырыбы бойынша уағыз айтты. Сондай-ақ, қасиетті Рмазан айының қадір-қасиеттері жөнінде түсіндіріп берді.  

Айта кетсек, Шымкент қаласы бойынша  тіркелген 88 мешіттің барлығында кешкі Құптан, тарауих намазында түрлі тақырыптар негізінде уағыз-насихат жұмыстары жүргізіліп келеді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38