Бүгін, Шымкент қаласы әкімдігі мен Шымкент орталық мешітінің ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы күн сайын өткізіліп жатқаны белгілі. Осы қайырымдылық шара аясында «Жусан» операциясымен келген 9 отбасыға азық-түлік салынған «Рамазан қоржыны» үлестірілді. Игі шара аясында Қаратау аудандық мешіттің бас имамы Дастан Желеуов Шымкент қаласы бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының қасиетті Рамазан айымен құттықтауын жеткізіп, амандық тіледі.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі/