Бүгін Шымкент қаласы, Абай ауданында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қасиетті Рамазан айына арналған құттықтау хатын табыстау шарасы ұйымдастырылды.
Аудандық «Нұр-Төбе» мешітінің бас имамы Бердалы қажы Жәміш бастаған имамдар аудандық әкімдікте болып Бас мүфти хазреттің қасиетті Рамазан айымен құттықтау хатын Абай аудан әкімі Парманов Бұхарбай Рысқұлұлына, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Башенов Ұлықпан Мүсинұлы, аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Тілеш мырза т.б. ұлағатты ұстаздар мен зиялы қауым өкілдеріне табыстады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі